Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Ресей Әскери-теңіз флоты терең су асты құрылғысында 14 теңізші-сүңгуір қаза тапты

2019 жылдың 2 шілде 2019 20:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресей Әскери-теңіз флоты терең су асты құрылғысында 14 теңізші-сүңгуір қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ға сілтеме жасап.

«1 шілдеде Ресей аумағындағы теңізде Ресей Әскери-теңіз флоты мүддесінде Әлемдік мұхит тұңғиығы мен су асты кеңістігін зерттеуге арналған терең су асты ғылыми-зерттеу құрылғысында биометрикалық өлшеу жүргізу барысында өрт шықты», - деп хабарлады РФ Қорғаныс министрлігі.

14 теңізші-сүңгуір жанған заттардан уланып, қаза тапқан. Тергеуді Әскери-теңіз флоты бас қолбасшысы өз бақылауына алған, деді РФ Қорғаныс министрлігінен.

«Команданың жедел әрекет етуінің арқасында өрт ошағы ауыздықталды. Суасты құрылғысы Североморск әскери-теңіз базасында», - делінген хабарламада.

Басты сөздер: Ресей, Оқиға,
Жоғары қарай