Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ресей азаматы 4 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып келген

2021 жылдың 27 қазан 2021 16:55

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Ресей азаматы 4 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Шемонаиха қаласында 4 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып жүрген Ресей Федерациясының азаматшасы анықталды. 63 жастағы әйел 2013 жылы Саратов облысында РФ азаматтығын алған.

Алайда Қазақстанға келгенде заңнаманы елемей, ҚР азаматының құжатын пайдаланып, зейнетақы алып келді. Қазіргі уақытта ол Қазақстан азаматтығынан айырылды. Оған ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

«Қос азаматтықпен жүрудің негізгі себептерінің бірі – карантиндік шектеулер кезінде мемлекеттік шекараны кедергісіз кесіп өту және материалдық артықшылықтарға ие болу (зейнетақы, балаларды тууы кезіндегі жәрдемақы, жоғары оқу орындарына түсу кезінде жеңілдік шарттары). Жыл басынан бері 800-ден астам адам Қазақстан азаматтығынан айырылды. Оның ішіндегі негізгілері – Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдағандар», - деді департамент бастығы Сағат Мәдиев. ⠀

Сонымен қатар қос азаматтығы бар 85 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде шетелдік азаматтықты алу фактісі туралы белгіленген мерзімде хабарламағаны үшін – 24, Қазақстан Республикасының паспорты мен жеке куәлігін пайдаланғаны үшін – 61 адамға айыппұл салынды.


Жоғары қарай