Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ресей қазағы Димаш Құдайбергенге арнап күй шығарды

2020 жылдың 5 шілде 2020 19:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейде тұратын этникалық қазақтар Димаш Құдайбергенге арнап күй шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетейік, Ұлттық домбыра күніне орай «QazAlliance» шетелдегі қазақстандықтар альянсы «World Dombyra Festival» жобасын қолға алған болатын. Аталған жобаға әлемнің 25 елі мен 36 қаласынан қазақстандықтар мен этникалық қазақтар қатысты. Олардың барлығы дерлік - домбыра шеберлері.

Жоба аясында еліміздің жарық жұлдызы Димаш Құдайбергенге арналған «Димаш Байжұма» күйі жарыққа шықты.

«World Dombyra Festival» жобасына Ресейдің Алтай Республикасынан қатысушы Жанайдар Нұрсалиев осылайша Димаштың құрметіне күй арнап, барлық қазақстандықтарды және Димаштың өнеріне тәнті жанкүйерлерді («Dears») ерекше қуаныш пен шаттыққа бөледі.

Айта кетейік, жобаға «ҚазАқпарат» ХАА ақпараттық серіктес ретінде қолдау көрсеткен.


Жоғары қарай