Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ресей Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Жеңіс парадына шақырды

2020 жылдың 26 мамыр 2020 19:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресей тарапының бастамасы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Тараптар COVID-19 пандемиясына қатысты қазіргі ахуал мен індеттің таралуына қарсы күреске байланысты екі елдің қабылдаған шаралары жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара ықпалдастықты талқылады.

Әңгіме соңында Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты 24 маусым күні Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде қатысуға шақырды. Қазақстан Президенті шақыртуды ризашылықпен қабыл алды.

Айта кетейік, Ресейде Жеңіс парады 24 маусымда өтеді.
Жоғары қарай