Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ресей және ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер Қазақстанның ғана емес, өздерінің де қауіпсіздігін ойлады - Президент

2022 жылдың 17 ақпан 2022 20:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресей – Қазақстанға жақын орналасқан серіктес мемлекет. Бұл туралы «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сұхбат барысында телеарна тілшісі көрші елдің кейбір журналистері «Ресей Қазақстанды құтқарды» деп жазып жүргенін атап өтті.

«Жаңа ғана айтып өттім, Ресей – Қазақстанға жақын орналасқан серіктес мемлекет. Осындай жағдайда оның бізге көмекке келуі айтпаса да түсінікті. Мұны құтқару емес, ортақ мүддемізді қорғау үшін жасалған іс-әрекет деп түсінуге болады. Бұл – бір. Екіншіден, аталған мәселеге геосаяси ахуал тұрғысынан да қарау керек. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы – бәрімізге ортақ құрылым. Ресей және Ұйымға мүше мемлекеттер Қазақстанның ғана емес, өздерінің де қауіпсіздігін ойлады. Сол үшін көмек қолын созды», - деді осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев.


Жоғары қарай