Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ресейде автобус апатқа ұшырап, алты адам қаза тапты

2021 жылдың 10 маусым 2021 11:36

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейдің Свердлов облысында автобустың жол апатына ұшырауы салдарынан алты адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жол-көлік апаты салдарынан алты адам қаза тапты, Көлік құралы биік таудан түсіп келе жатқан», - деп мәлімдеді ІІМ-нің аймақтық баспасөз қызметінен.

Алдын ала мәлімет бойынша, түрлі дәрежедегі жарақат алған 15 адам ауруханаға жеткізілген. «ПАЗ маркалы автобус жұмыскерлерді жергілікті кәсіпорынға апара жатқан. Алдын ала мәліметке қарағанда, автобустың тежегіші істен шығып, салдарынан ол қақпаны бұзып өтіп, аялдамада тұрған адамдарды қаққан», - деді агенттік әңгімелесушісі.

Баспасөз мәліметіне сәйкес, қаза болғандар мен зардап шеккендер жаяу жүргіншілер болған, зардап шеккен екі адам ауыр халде жатыр.


Басты сөздер: Ресей, Оқиға,
Жоғары қарай