Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ресейде қаңтарда ковидтен көз жұмғандар саны 33 пайызға азайды

2022 жылдың 31 қаңтар 2022 19:56

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейде коронавирустан көз жұмғандар саны қаңтар айында өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда үштен бірге төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

1-31 қаңтар аралығында штаб 22 489 адамның қайтыс болғанын мәлім етсе, бұл көрсеткіш 31 желтоқсанда 33 667 адамды құраған-ды.

Бұл ретте жұқтырғандар саны желтоқсанмен салыстырғанда 57,7%-ға, 1 361 095-ке дейін артты.

Ауырғандар санының өсуі және өлім-жітімнің төмендеуі есебінен жаңа инфекциядан көз жұмғандар саны бір айда 2,94%-дан 2,79%-ға дейін қысқарды.

Емделгендер саны, керісінше, айтарлықтай төмендеді: егер штаб желтоқсанда 1 134 666 адамның емделгенін хабарлаған болса (бұл пандемия басталғаннан бергі максимум), қаңтарда бұл көрсеткіш - 784 362 адам.


Жоғары қарай