Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ресейде коронавирусқа қарсы вакцинаны  21,5 млн тұрғын салдырған

2021 жылдың 10 мамыр 2021 23:58

СОЧИ. ТАСС - ҚазАқпарат – Ресей Президенті Владимир Путин елде 21,5 млн тұрғынның коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын жеткізді.

Оның пікірінше, бұл өте жақсы нәтиже. Бұл туралы Ресей басшысы дүйсенбі күні журналистер тарапынан қойылған сауалға орай берген жауабында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресейдің ТАСС агентттігіне сілтеме жасап.

Ресей басшысы азаматтарды жеделдетіп, коронавирусқа қарсы вакцина қабылдауға шақырды.

Сонымен қатар Владимир Путин вирус жұқтырған жағдайда оның симптомдары біліне бастағанда-ақ дәрігерге қаралуға кеңес берді.

Ресей президенті сонымен қатар өңір басшыларына тестілеу мен вакцинация қарқынын сақтау қажеттігін еске салды.

Аталғандармен қоса мамандар дайындаған ережелер мен сарапшылардың кеңсетерін назардан тыс қалдыруға болмайтынын ескертті.

«Маска режимі мен мамандардың өзге де талаптарын орындау керек. Сонда ғана біз жетістікке жете аламыз»,-деді В.Путин.

Пандемия басталғалы Ресейде коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабтың мәліметтері бойынша, 4 888 727 адам КВИ жұқтырып, 4 502 906 адам аурудан жазылған, 113 647 адам қайтыс болды.


Жоғары қарай