Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ресейде коронавирустан көз жұмғандар саны тағы да рекордтық көрсеткішке жетті

2021 жылдың 8 қазан 2021 20:23

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Ресейде соңғы тәулікте коронавирус инфекциясынан көз жұмғандар саны 936 адамға жетті. Бұл пандемия кезіндегі ең жоғарғы көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Сейсенбі күні РФ вице-премьері Татьяна Голикова үкімет мүшелерімен жиналыста осы жылдың қыркүйек айында КВИ-ге шалдыққандар саны 31 процентке жетіп, 100 мың адамға шаққанда 88 жағдайды құрағанын хабарлаған болатын.

«Бес аптадағы орташа апталық көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 96,9 адамды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,1 есе көп», - деді Татьяна Голикова.

Сондай-ақ, ол профилактика аясында жалпы 47,4 млн ресейлік вакцинаның бірінші компонентін алғанын, ал 42,2 млн адам толықтай екпе ектіргенін айтты. Ауырғаннан кейін және қайта вакцина алғандар саны – 1,9 млн адам.

Ұжымдық иммунитетке жету үшін тағы да 35,9 млн адам алғашқы екпе алуы тиіс. Соңғы тәулікте Ресейдің барлық өңірінде 27 246 адам коронавирус жұқтырған.


Авторы: Нарымбек Исмагулов
Жоғары қарай