Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ресейде коронавирустың «омикрон» штамы анықталды

2021 жылдың 7 желтоқсан 2021 22:01

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 31 096-ға көбейді, 14 қазаннан бері бұл көрсеткіш бірінші рет 32 мыңнан төмен болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Салыстырмалы түрде жаңа жағдайлардың өсу үлесі – 0,32%. Атап айтқанда, бір тәулікте Санкт-Петербургте 2 381, Мәскеу облысында 2 208, Краснояр өлкесі мен Самара облысында 781, Воронеж облысында 717 жұқтыру жағдайы тіркелген.

Қазіргі кезде 1 016 110 адам ем қабылдап жатыр.
Өлім саны бір тәулікте 1 182-ге көбейіп, 283 644-ке жетті. Бір күн бұрын бұл көрсеткіш 1 184 болған. Штаб деректеріне сай, шартты өлім саны (нақты өлім саны эпидемия аяқталғаннан кейін белгілі болады) 2,88%-ға өскен.
Сонымен қатар Ресейде коронавирустың алғаш рет «омикрон» штамы анықталды. Оны ОАР-дан келген екі азамат жұқтырған. Барлығы аталған рейспен келген 10 азаматтан коронавирус анықталды, қазіргі кезде олар оқшауланған.


Жоғары қарай