Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ресейде шетелдік азаматтар үшін арнайы құқықтық режим енгізіледі

2021 жылдың 22 мамыр 2021 13:01

МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – Арнайы құқықтық режим – «Бақыланатын мекендеу жері» - Ресейде болуға құқығы жоқ, бірақ түрлі жағдайларға байланысты, мысалы, коронавирусқа байланысты өзін-өзі оқшаулау салдарынан елде қалуға мәжбүр болған мигранттар үшін енгізіледі. Бұл туралы Ресейдің ішкі істер министрлігінің баспасөз орталығы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Көші-қон саласындағы қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету тетігінің тиімділігін арттыруға бағытталған профилактикалық сипаттағы шаралардың бірі ретінде заңнамаға «Бақыланатын мекендеу жері» – Арнайы құқықтық режимін енгізу жоспарлануда. Ол Ресейде болуға заңды негізі жоқ, бірақ белгілі бір себептермен оның аумағында жүрген мигранттарға қатысты белгіленеді», - деді орталық өкілі.

Ішкі істер министрлігі жаңа құқықтық режим шетелдіктерге қатысты қолданылатынын түсіндірді, мысалы, жер аудару туралы шешімдердің орындалуы тоқтатылған немесе тағайындалған жазаларды орындау қажеттілігіне, сот процестеріне қатысуға байланысты Ресейден кетуі шектелген шетел азаматтарына қатысты қолданылады.

«Роспотребназордың белгілі бір санитарлық ережелерін, соның ішінде өзін-өзі оқшаулау режимін сақтау туралы нұсқау берген әлеуметтік қауіпті жұқпалы аурулардан зардап шегетін шетелдіктерге қатысты осындай режимді орнату мәселесі қарастырылуда», - деп толықтырды ведомство.

ІІМ осылай бақыланатын шетелдіктерге қатысты бірқатар шектеулер заңнамалық түрде енгізілуі мүмкін екенін хабарлады. Сондай-ақ, Ресей Федерациясының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне шетелдік азаматтардың арнайы құқықтық режимін бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеу тұрғысынан тиісті өзгерістер енгізу мәселесі қарастырылуда.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, өткен жылдың наурызынан бастап коронавирус пандемиясы басталған уақыттан бері шамамен 1,6 миллион мигрант елде болу мерзімі аяқталғаннан кейін Ресейден кетпеген. Қабылданған шаралар 400 мыңға жуық адамның құқықтық мәртебесін реттеуге мүмкіндік берді.


Басты сөздер: Ресей, Әлем,
Жоғары қарай