Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ресейде Жеңіс парады өтеді

2020 жылдың 24 маусым 2020 08:30

МӘСКЕУ. ТАСС - ҚазАқпарат – 24 маусым күні Ресейдің 28 қаласында, соның ішінде қаһарман қалалары мен әскери округтер, армия және армия корпустары, флоттары орналасқан қалаларда Жеңістің 75 жылдығы құрметіне парад өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Басқа көптеген қалаларда да өзге форматтағы мерекелік шаралар, соның ішінде салтанатты шерулер өтеді.

Кейбір өңірлер эпидемиологиялық жағдайға байланысты билік шеру өткізуден бас тартқан немесе парадты көрерменсіз өткізу шешімін қабылдаған.

26 маусымда РФ Президенті Владимир Путин қорғаныс министрі Сергей Шойгумен өткен кеңес барысында Жеңіс парады 24 маусым, яғни 1945 жылы тарихи Жеңіс парады болған күні өтетінін жариялады.

Мәскеуге Екінші дүниежүзілік соғыстасы Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты шараларға қатысу үшін шетелдік мемлекеттердің көшбасшылары келіп жатыр.

Ресей астанасына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Молдавия президенті Игорь Додон, Сербия президенті Александр Вучич, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Беларусь президенті Александр Лукашенко жиналды, сондай-ақ Босния мен Герцеговина Президиумының сербиялық мүшесі Милорад Додик, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келуі күтілуде.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барды.

Мемлекет басшысы бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 13:00-де Қызыл алаңда Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев «Белгісіз солдат» қабіріне гүл шоғын қояды және Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты қабылдауға қатысады.


Жоғары қарай