Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ресейден екі ұшақ дәрі-дәрмек жеткізілді

2020 жылдың 10 шілде 2020 16:21

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайына азаматтық авиацияның бірінші борты келді, ал екінші борт бүгін кешірек күтілуде. Азаматтық авиацияның екі борты Мәскеуден 55 тонна медициналық дәрі-дәрмек жеткізді, онда коронавирус инфекциясы мен пневмонияны емдеуге арналған, вирусқа қарсы және дене қызуын түсіретін препараттар, антикоагулянттар мен антибиотик бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жуырда Қазақстан дәріханаларына 150 мыңға жуық «Азитромицин» таблеткасы, миллионға жуық «Цефтриаксон», «Тамифлю» препаратының 150 мың пакеті, «Арбидолдың» 50 мың орамасы және арнайы рейстермен келген басқа да қажетті медициналық препарат түседі.

«Бұл дәрі-дәрмек бір айға жеткілікті. Келгенд әрі-дәрмектер біркелкі үлестіріліп, жақын күндері өңірлерге жедел жеткізіледі. Осы борт келесі аптадаҮндістаннан да дәрі-дәрмек тасымалдайды. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қолжетімділігін арттыру және дәрі-дәрмектерге барлық қажеттілікті жабу мақсатында мұндай іс-шаралар ай сайын ұйымдастырылатын болады.», делінген хабарламада.




Ведомствоның мәлімдеуінше, дәрі-дәрмекті Азаматтық авиация комитетінің арнайы борттарымен жедел жеткізу – нарықты жоғары сұранысқа ие дәрі-дәрмек пен жедел қамтамасыз ету үшін Үкімет әзірлеген шаралардың бірі. Мұндай рейстер Қазақстандағы дәріхана желілерін тұрақты түрде дәрі-дәрмекпен толықтырып отырады.




















Басты сөздер: Алматы, Ресей, Медицина,
Жоғары қарай