Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ресейдің Елец қаласында тұрғын үйде газ жарылды, қаза тапқандар бар

2021 жылдың 11 қыркүйек 2021 12:15

ЕЛЕЦ. ТАСС – ҚазАқпарат – Ресей Федерациясының Липецкий облысы Елец қаласында тұрғын үйде газ жарылып, адамдар қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, газ жарылғаны туралы ақпарат Мәскеу уақытымен 11 қыркүйек күні сағат 00:52-де түскен. Үйдің екі кіреберісінің бірі опырылып қалған. Үйде барлығы 16 пәтер болған, соның сегізі қираған. Екі адам қаза тапты, оның бірі – сәби, екіншісі 1971 жылғы әйел.

«Сегіз адам зардап шекті, оның бесеуі бірден ауруханаға жатқызылды. Олардың арасында бір бүлдіршін бар. Зардап шеккен 2012 жылғы қыз баланы Елец қалалық балалар ауруханасына жеткізді, дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. Тағы бір зардап шегушіге амбулаторлық көмек көрсетілді. Кейінірек тағы бір адамды туыстары ауруханадан алып кетті. Дәрігерлер зардап шегушілердің жағдайын орташа ауыр деп отыр», - деді жедел қызметтен.

Құтқарушылар үйінді астынан бір адамды іздеп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс газдың таралуы салдарынан болған. Осыған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Липецкий облысының билігі үй тұрғындарына көмек көрсететінін жариялады. Өңірлік билік екіқабатты үйдің өмір сүруге жарамсыз екенін мәлімдеді. Осы оқиғаға дейін тұрғын үй апаттық жағдайда болмаған.


Басты сөздер: Ресей, Оқиға,
Жоғары қарай