Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 385.96
EUR 423.78
RUB 6.03
CNY 54.16

Ресейдің Иркутск облысындағы орман өрттерінің аумағы 802 га дейін қысқарды

2019 жылдың 22 тамыз 2019 13:55

ИРКУТСК. ТАСС-ҚазАқпарат – Бейсенбідегі таңертеңгі ақпаратқа сәйкес, Ресейдің Иркутскі облысындағы өртке оранған орман аумағы 820 га аумақты құрады. Тілсіз жаудың үш ошағы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Сәрсенбі күні 701,4 мың га орманды өрт жалмаған.

«Өткен тәулікте Иркутскі облысының орманды жерлерінде жаңадан шарпыған өрттер анықталған жоқ. Катангі ауданында 729 га аумақтағы өрт ошағы әзірге сөндірілген жоқ. 22 тамыз күні таңертең Усть-Кутскі ауданында 91 га жерде өрттің екі ошағы тіркелді», -делінген өңірлік биліктің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Федералдық Авиалесохраның мәліметінше, бейсенбі таңертең Ресейдің өңірлеріндегі 102,1 мың га аумақ өртке оранып отыр. Бір тәулік бұрын өртенген орман аумағы 107,7 мың га құраған еді.

«2017 жылғы 22 тамызда Мәскеу уақытымен сағат 00:00-де Ресей Федерациясының аумағында 102162 га аумақта 140 га орман өртке орануда. Оларды сөндіру бойынша белсенді жұмыс атқарылды , - делінген хабарламада.

Авиалесохрана қызметкерлері өткен тәулікте 89,2 мың га аумақта 18 орман өртін сөндірді.

Бәрінен де алапат өртке оранған Красноярскі өлкесі болды. Өңірде 81,3 мың га жерде 101 өрт ошағы бар. Забайкальеде 18 орман өрті тіркелді, ал Якутияда 5 өрт ошағы сөндірілуде.

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай