Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ресейдің Таганрог қаласы маңында жеті құрылысшы уланып, қаза тапты

2021 жылдың 21 мамыр 2021 19:30

РОСТОВ-НА-ДОНУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ростов облысы Неклиновский ауданы Дмитриадовка ауылында тазарту құрылғыларында жұмыс жүргізу барысында жеті жұмыскер қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Барлығы тоғыз адам болған, олардың жетеуі қайтыс болды», - деді агенттікке сұхбат беруші.

Ол құтқарушылардың қалған екі жұмыскерді іздестіріп жатқанын айтты.

Таганрог ауруханасына бес адам жеткізілді.

«Барлық зардап шеккендер Таганрог қаласының жедел жәрдем қызметімен ауруханаға жеткізілді, барлығына көмек көрсетілді. Қазіргі кезде бес адам ауруханада жатыр», - деп қосты Ростов облысының денсаулық сақтау министрі Юрий Кобзев.

Таганрог мэрі Андей Лисицкийдің нақтылауынша, зардап шеккендердің жағдайы түрлі дәрежеде деп бағаланған, сонымен қаза тапқандардың нақты саны белгісіз. Себебі оқиға болған құдық толып кеткен.

Өз жағынан Төтеншежағдайлар министрлігінің бас басқармасының өңір бойынша бөлімшесі журналистерге Дмитриадовка ауылында жұмысшыларды уландыру туралы ақпарат алғанын мәлімдеді.

«Оқиға орнында газ-түтінінен қорғау қызметі жұмыс істеп жатыр. Ақпарат тексерілуде», - делінген хабарламада.

Таганрог су арнасының дерегінше, жұмысшылардың қайтыс болу себебі – метанның атқылауы. Өңірдің жедел қызметі метанның атқылауы тұрғын үйлерге қауіп келтірмейтінін айтады.


Басты сөздер: Әлем, Ресей, Оқиға,
Жоғары қарай