Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ресейдің уланып көз жұмған жұмысшылар саны 11 адамға жетті

2021 жылдың 22 мамыр 2021 14:34

РОСТОВ-НА-ДОНУ. ТАСС - ҚазАқпарат – Ресейдің Таганрог қаласы маңында тазарту құрылғыларында жұмыс жүргізу барысында болған төтенше жағдай кезінде зардап шеккен тағы бір адам ауруханада көз жұмды. Бұл туралы қала әкімшілігінің басшысы Андрей Лисицкий мәлім етті. Төтенше жағдай салдарынан қаза тапқандардың жалпы саны 11 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Тағы бес адам Таганрог ауруханасына жеткізілді.

«Тағы бір адам ауруханада көз жұмды», - деді Андрей Лисицкий.

Қала әкімшілігінің мәліметтерінше, төрт адам реанимацияда жатыр. Әкімшілік өкілі науқастардың өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты.

Ростов облысы Неклиновский ауданы Дмитриадовка ауылында тазарту құрылғыларында жұмыс жүргізу барысында жеті жұмыскер қайтыс болғаны бұған дейін хабарланған болатын.



Басты сөздер: Әлем, Ресей,
Жоғары қарай