Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ресейге 480 тонна бензинді заңсыз шығармақ болғандар ұсталды

2021 жылдың 17 қараша 2021 15:43

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында 480 тоннадан астам жанар-жағармайды «еріткіш» ретінде сыртқа шығармақ болған оқиғаның жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Мұнай саласы ел экономикасының басым бөлігін құрайды.

Осы саладағы көлеңкелі айналым неғұрлым көп болса, мемлекет бюджетіне соғұрлым аз қаражат түседі.

Қаржылық мониторинг агенттігі мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы күрес жүргізуде.

Агенттіктің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстаннан Ресей Федерациясына 480 тоннадан астам АИ-92 маркалы бензинді заңсыз тасымалдау дерегінің жолын кесті.

Тергеу барысында ЖЖМ-ды «еріткіш» түрінде теміржол цистерналары арқылы тасымалдау жоспарлағаны анықталды.

Бензинді сату келісімшартының жалпы сомасы 2,8 млрд теңгені құрайды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.


Жоғары қарай