Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Ресейге 5 миллионға жуық маска заңсыз шығарылмақ болған

2020 жылдың 25 сәуір 2020 13:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметі 13 мәрте Ресейге заңсыз жолмен медициналық бұйымдарды шығармақ болғандардың жолын кескен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтемемен.

«Шекара қызметінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2020 жылғы наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ресейге медициналық жеке қорғаныс заттарын шығарудың 13 жағдайының алдын алды (медициналық маска – 4 585 570 дана, қолғап – 3 900 000 дана, қорғаныс көзілдірігі – 480 дана). Тәркіленген заттардың болжамды сомасы 500 миллионнан астам теңгені құрайды» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, ұйымдастырушылар қорғаныс заттарын заңсыз шығару үшін халық тұтынатын тауарлар жүгінің арасына жасырған.

ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері Қазақстаннан жеке қорғаныс заттарын заңсыз шығарудың жолын кесу мақсатында өткізу пункттерінде бақылауды күшейтуді қолға алды.


Басты сөздер: Медицина, Ресей,
Жоғары қарай