Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ресейлік дәрігер: ковидтен кейінгі синдромнан сақтану жолы – физикалық белсенділік

2021 жылдың 19 қазан 2021 02:45

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ковидтен кейінгі синдромның құрбаны болудан сақтану жолдары талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менталды денсаулық және COVID-19» тақырыбындағы конференция аясында «В.М. Бехтерев атындағы Ұлттық медициналық психиатрия және неврология зерттеу орталығының» директоры Николай Незнанов менталды денсаулықты қалай сақтау керектігі туралы айтты.

Дәрігердің мәліметінше, оның әдістері өте қарапайым. Бірақ адамдар оларды сақтауға тырыспайды. Сарапшы ең алдымен, өз денсаулығы үшін жеке жауапкершілік алуға, өзін-өзі бақылауға, тек асқынулармен ғана емес, сонымен қатар алдын алу үшін дәрігерлерге уақтылы баруға шақырады.

«Бір ғана ұсыныс – еңбек және демалыс режимін қалыпқа келтіру. Жақсы физикалық белсенділік – осыны естен шығармау қажет. Физикалық тұрғыдан ғана емес, психологиялық тұрғыдан да ол өзінің стресс жүктемесіне дайын болуы қажет. Бірақ біз сіздермен керісінше, әлсірейміз, қозғалуды тоқтатамыз. Төрт қабырғадан шығып, көлікке отырып үйге жетеміз, 50 метр жүреміз, сонымен болды, барлық физикалық белсенділігіміз шектеулі. Екінші фактор – дұрыс тамақтану. Бұл – ұзақ өмір сүруді қамтамасыз ететін факторлар», - деді Н.Незнанов.

Ол сонымен қатар физикалық денсаулыққа назар аудару керектігін атап өтті. Өйткені, көптеген психологиялық проблемалар тап осы бұзылулардан бастау алады.

«Кез келген соматикалық ауру, егер ол сол тұста өзекті сипатқа ие болса, танымдық тапшылыққа әкеледі. Мұндай бұзылулардың ықтимал себебі не екенін науқастарға жеткізу маңызды», - деді зерттеу орталығының директоры.

Жоғары қарай