Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ресейлік ғалым маймыл шешегі вирусының тасымалдаушысы кеміргіштер болуы мүмкін екенін айтты

2022 жылдың 27 мамыр 2022 13:11

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Маймыл шешек вирусының негізгі тасымалдаушысы приматтар емес, кеміргіштер болуы мүмкін. Бұл нұсқаны Гамалей атындағы орталық директоры Александр Гинцбург «Россия-1» телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

«Маймылдар өздері зиян шеккен бұл дертті тышқан, егеуқұйрық сияқты кеміргіштерден жұқтырып алуы мүмкін», - деп мәлімдеді А.Гинцбург.

Сондай-ақ, ол адамнан адамға жаппай жұғу жағдайында жоғары вируленттілігі бар маймыл шешек вирусының нұсқалары пайда болуы ықтимал деп болжады.

«Егер ол адамнан адамға жаппай жұға бастаса, жоғары вируленттілігі бар нұсқалар пайда болуы мүмкін. Ол кезде эпидемиологиялық және клиникалық тұрғыдан өте қауіпті болады», - деді ол.

Өткен бейсенбіде «Роспотребнадзор» басшысы Анна Попова Ресейге маймыл шешегінің келу қаупі аз екенін айтты. Осыған қарамастан, гигиена ережелерін және тиісті сақтық шараларын сақтау ұсынылады: қолды жиі жуу, қоғамдық жерде, әсіресе ауру анықталған елдерде маска тағу.

Телеарнаның хабарлауынша, Ресейдің «Вектор» вирусология және биотехнология ғылыми орталығының қызметкерлері маймыл шешегінің вирусын зерттей бастаған.


Басты сөздер: Инфляция, Ресей, Әлем,
Жоғары қарай