Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ресейлік журналист Леонид Млечин Қасым-Жомарт Тоқаев туралы авторлық хабарын ұсынды

2021 жылдың 9 маусым 2021 13:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін белгілі ресейлік журналист, халықаралық шолушы, тарихшы Леонид Млечин Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті лауазымына сайланғанына екі жыл толуына орай өзінің YouTube арнасында авторлық хабарын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің жазуынша , автор «Казахстан между Россией и Китаем. 2 года Президента Токаева» деп аталатын деректі жобада Қазақстан басшысының саяси бағыт-бағдары жөнінде өзінің ой-пікірін ортаға салған. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған реформалар туралы ғана емес, сондай-ақ Мемлекет басшысымен кездескенде алған өз әсері жайлы да егжей-тегжейлі әңгімелейді.


Жоғары қарай