Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Республикалық ғарыштық байланыс орталығына жаңа басшы тағайындалды

2020 жылдың 1 қазан 2020 21:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аэроғарыш комитеті «РҒБО» АҚ Басқармасының төрағасы болып Мәлік Жүйріктаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі миинстрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Мәлік Қуанышбекұлы Жүйріктаев 1973 жылы дүниеге келген.

Еңбек жолын 1995 жылы Алматы облыстық Телекоммуникациялар дирекциясынан бастады.

Өзінің еңбек жолын қатардағы инженерден бастап, Қазақстанның жетекші байланыс кәсіпорындарының өңірлік бөлімшелерінің басшысына дейін көтерілді.

«РҒБО» АҚ-ның Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін «Қазақтелеком» АҚ-ның «Востоктелеком» ЖШС Бас директорының орынбасары қызметін атқарды.

М.Қ. Жүйріктаевтың жұмыс өтілі 25 жыл, оның 17 жылы байланыс саласында.

«Үздік байланысшы» құрметті атағымен марапатталған.

Үйленген. Жұбайы екеуі 3 баланы тәрбиелеп отыр.


Жоғары қарай