Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Республикалық маңызы бар жолдардың 30 426 шақырымына жол белгілері орнатылады

2022 жылдың 13 мамыр 2022 21:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл республикалық маңызы бар жолдардың 473 мың шаршы метр аумағында жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр. Жұмыстар жол төсемін қалпына келтіру және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді-мақсатты бағдарлама шеңберінде жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Осылайша, Алматы облысында 60 мың шаршы метр жолда шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта жұмыстар «Алматы - Талғар - Бәйдібек би», «Алматы – Шелек - Қорғас» бағыттары бойынша өңірдің негізгі туристік және экономикалық кластерлеріне апаратын жолдарда жүзеге асырылып жатыр.

Осыған байланысты Қазақавтожол қызметкерлері аталған жол учаскелері бойынша баспасөз турын өткізді. Турға қатысушылар жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Қазақавтожол мамандарының айтуынша, бүгінгі таңда 10 мыңға жуық жол белгілері мен 400-ге жуық ақпараттық панноны орнату және ауыстыру жұмыстары басталып кеткен. Сонымен бірге 23 мыңнан астам сигнал беретін бағаналар орнату, шамамен 2700 шаршы метр шу жолақтарын орнату жоспарланған. Көлік жүретін жолдың 30 426 шақырымына жол белгілері салынады. Сондай-ақ, көпірлерде 336 метр қоршаулар, 27 мыңға жуық жарық шағылыстырғыштар мен 290 жол буферлері орнатылуда.

Іс-шара барысында сондай-ақ үй малдарының жолдың көлік жүретін жолағына шығуына қатысты мәселелер көтерілді. Мәселен, 2022 жылдың бірінші тоқсанында 11 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, нәтижесінде 15 адам зардап шеккен, ал үшеуі қаза тапқан. Осыған байланысты компания қызметкерлері республикалық маңызы бар жолдар бойында 855,331 км қорғаныс қоршауларын орнатты.


Жоғары қарай