Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары анықталды

2021 жылдың 2 мамыр 2021 15:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 30 сәуірде Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі аяқталды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған Қазақстанның барлық өңірінен 1600-ге жуық жоғары сынып оқушылары қатысты. Олимпиада нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. 122 оқушы алтын медаль, 214 оқушы күміс медаль және 349 қатысушы қола медальға ие болды.

Айта кетейік, олимпиада алғаш рет прокторинг жүйесін қолдана отырып, «бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» қағидасы бойынша өткізілді.

«Барлық оқушыларға олимпиадаға қатысып, пәндерді тереңдетіп оқуға қызығушылық танытқаны үшін ризашылығымызды білдіреміз. Сіздерге тек олимпиадада ғана емес, сонымен қатар барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз», - делінген министрліктің құттықтауында.





Жоғары қарай