Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 431.03
EUR 471.76
RUB 5.85
CNY 61.32

Республикалық штаб мүшелері Арыстағы балалар ауылының жеткіншектерімен жүздесті

2020 жылдың 28 қаңтар 2020 22:46

АРЫС. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының кеңесшісі, Республикалық ақпараттық үгіт-насихат штабының төрағасы Ырза Тұрсынзада мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі Арман Бердалин Арыс қаласындағы «Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының» тәрбиеленушілерімен жүздесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Рухани кездесу жас өскіндерді жақсылық жасауға жігерлендіру мен қоғамның ары таза азаматтары етіп тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

Игілікті шарада Нұр-Сұлтаннан арнайы келген Республикалық штабтың мүшелері балаларды парасатты болуға үндеді. Сондай-ақ, бұған дейін Түркістан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастамасымен өткен «Жемқорлық балалар көзімен» байқауының жүлдегерлеріне арнайы сыйлықтарды табыстады.




Айта кетейік, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облыстық департаменті Арыс қаласында орналасқан балалар ауылының 63 тәрбиеленушісін өз қамқорлығына алып, оларға ай сайын қолдау көрсетіп келеді.





Жоғары қарай