Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

РФ Президенті климаттық өзгерістермен ЕАЭО аясында күресуді ұсынды

2021 жылдың 21 мамыр 2021 18:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Ресей Президенті климаттық өзгерістермен Еуразиялық экономикалық аймақ аясында күресуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Климаттың өзгеруіне қарсы күрес және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша бірлескен жұмысты жандандыру қажет. Экологиялық бағыттағы халықаралық күш-жігер жаһандық технологиялық трансформацияның драйверіне айналуда. Біз ЕАЭО-ның барлық елдері жасыл технологияларды әзірлеуге және енгізуге, сол салада өздерінің инновациялық жобаларын іске асыруға үлкен қызығушылық танытып отырғанын көріп отырмыз. Одақта климаттық деректер мен цифрлық бастамалар банкін, оның ішінде көміртегі ізін есепке алуға қатысты бастамаларды қалыптастыру үшін жұмыс істеуді ұсынамыз. Бұл банкті экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған жобалармен жұмыс істейтін қатысушы елдердің барлық компаниялары пайдалана алар еді», - деді Владимир Путин.

Оның айуынша, әлемдегі тұрақсыздықтар аясында әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының күрт ауытқытып отыр.

«Біз серіктестерге осы саладағы жағдайды қалыпқа келтіру жөніндегі ресейлік бастаманы қолдағаны үшін алғыс айтамыз, бізде осы мәселе бойынша нақты шешімдер бар. Атап айтқанда, жақында Еуразиялық комиссия ЕАЭО елдері арасындағы баға саясатын қант нарығында шоғырландыруға бағытталған нақты шешімдер қабылдады», - деді Владимир Путин Ж еуразиялық экономикалық кеңес отырысында. Оның айтуынша, қажет болған жағдайда өнімнің басқа түрлері бойынша да жедел шаралар қабылдау мүмкіндігі бар», - деді Владимир Путин.


Жоғары қарай