Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

РФ Президенті Владимир Путин Конституцияға өзгеріс енгізуді ұсынды

2020 жылдың 15 қаңтар 2020 18:15

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – РФ Федералды жиналысына жолдау жасаған Ресей Президенті Владимир Путин ел Конституциясына ұсынылған өзгерістер пакеті бойынша мемлекет азаматтарының дауыс беруін өткізу бастамасын көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елдің Негізгі заңына кейбір өзгерістерді енгізу уақыты жетті, олар біздің құқықтық кеңістікте Ресей Конституциясының басымдығына тікелей кепілдік береді», - деп тоқталды В. Путин.

Бұл тұрғыда тиісті түзетулер Ресейде халықаралық заңнама мен шарттар талаптары ел Конституциясына қайшы болмаған бөлігінде ғана күшінде болатынын қарастырады.

Сонымен қатар ол үкімет құрамын қалыптастыру мәселесінде парламент өкілеттігін кеңейту бастамасын көтерді.

Путин Мемлекеттік Думаға тек келісу ғана емес, сонымен қатар РФ Үкіметі төрағасы мен оның орынбасарларын, федералды министрлерді бекітуді сеніп тапсыруды ұсынды. «Бұл ретте президент оларды лауазымға тағайындауға міндетті болады», - деді РФ басшысы.

Оның пайымынша, Ресей қуатты президенттік республика болып қалуы керек. Сонымен бірге, президентте қарулы күштерге және құқық қорғау органдарына тікелей басшылығы өкілеттігі қалуы тиіс.

В. Путин РФ президентіне кандидаттарға талаптарды көтеруді ұсынды. Бұл тұрғыда Ресей аумағында 25 жылдан кем емес мерзімде тұрақты өмір сүруі, сондай-ақ шетел азаматтығының болмауы талабын бекіту керектігі айтылды.

Бұдан бөлек, бірқатар бастамалар сот органдарының рөліне, губернаторлар рөлі мен мәртебесіне қатысты болды.

«Ресей Федерациясы Конституциясына ұсынылған түзетулердің барлық пакеті бойынша ел азаматтарының дауыс беруін өткізу қажет деп санаймын. Тек осының нәтижесі бойынша соңғы шешімді қабылдайтын боламыз», - деді ол.

ФОТО: © Михаил Метцель/ТАСС
Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Ресей,
Жоғары қарай