Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Риддерде көпқабатты үйден өрт шығып, 20 адам эвакуацияланды

2021 жылдың 16 маусым 2021 18:25

РИДДЕР. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында бесқабатты үйден өрт шығып, 20 адам, оның ішінде 5 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 16 маусымда құтқарушыларға көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірі өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жол тартты.

«Белгілі болғандай, бесінші қабатта орналасқан пәтерде от шыққан. Құтқарушылар жалынды сөндіруге кірісіп, подъезден тұрғындарды эвакуациялады. Газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары жалпы саны 20 адамды, оның ішінде 5 баланы қауіпсіз жерге көшірді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өртті бірінші болып байқап қалған пәтер иесінің анасы құтқарушыларды шақырған.

Ол жалын шарпыған пәтерден 2 немересін алып шықты.

«Өрт сөндірушілер 13 шаршы метр аумақты шарпыған тілсіз жауды ауыздықтады. Қызыл жалынның шығуына – тоңазытқыштың апаттық режимі себеп болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген ақпаратта.



Жоғары қарай