Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Риддерде Қызыл кітапқа енген өсімдікті жұлған 3 адам сотталды

2021 жылдың 28 маусым 2021 17:15

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының тұрғындары Қызыл кітапқа енген өсімдікті жұлғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Риддер орман шаруашылығы аумағындағы Разлеванка өзенінің жанында үш ер адам жойылып кету қаупі бар өсімдіктерді жұлған.

Белгілі болғандай, олар Қызыл кітапқа енген өсімдіктің 250-ден астам сабағын кесті.

Сотталғандардың айтуынша, олар өсімдіктен салат жасамақшы болған. Риддер қалалық сотының үкімімен айыпталушылардың ҚР ҚК-нің 339-бабы 2-бөлігі 2-тармағына сәйкес үш жылға бас бостандықтары шектелді.

«Сотталғандар пробация қызметіне есепке қойылды. Қазіргі уақытта ер адамдармен профилактикалық жұмыс жүргізілуде. Егер олар қайта құқық бұзушылық жасаған жағдайда бас бостандығынан шектеу жазасы – бас бостандығынан айыруға ауысуы мүмкін», - деді Риддер қалалық пробация қызметінің бастығы Альмира Майылханова.


Жоғары қарай