Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Риддердегі өрт кезінде 90 адам эвакуацияланды

2020 жылдың 17 мамыр 2020 12:39

РИДДЕР. ҚазАқпарат — Шығыс Қазақстан облысында көп қабатты тұрғын үйден шыққан өрт кезінде 90 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД-дан хабарлағандай, 17 мамырда сағат 3-те Риддер қаласының өрт сөндіру қызметіне тоғыз қабатты тұрғын үйдің 8-қабатында пәтер жанып жатқаны туралы хабар түскен.

«Ер адам көрші пәтерден дыбыстар естіген. Қабырға қатты ыстық болған. Сондықтан ол ТЖ басқармасына хабарласқан. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 3 минутта жетіп, адамдарды эвакуациялай бастаған. Барлығы 90 адам эвакуацияланды, соның ішінде 15-і балалар», - деп түсіндірді ТЖД баспасөз қызметі.

Өртеніп жатқан пәтерде ешкім болмаған, сондықтан өрт сөндірушілер полиция қызметкерлері болған кезде есікті бұзып кірген. Кіреберіс пен бір бөлме жанып жатқан. Пәтердегі өрт 20 минутта сөндірілді, 22 шаршы метрді шарпыған.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт сөндірушілер облыс тұрғындарына үйден кетіп бара жатқан кезде барлық электр жабдықтарын сөндіру керектігін еске салды.

Авторы: Орал Ерланұлы

Жоғары қарай