Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 376.84
EUR 407.97
RUB 5.91
CNY 53.80

Рим әуежайында коронавирусқа байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 18:13

РИМ. ҚазАқпарат – Италия Денсаулық сақтау министрлігі осы аптада Римдегі Фьюмичина әуежайында Қытайдың Ухан қаласынан келетін жолаушыларға арналған дене температурасы сканерлері орнатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚаАқпарат ANSA-ға сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметі бойынша, сканерлер бейсенбі күні қойылады. Дәл осы күні коронавирус анықталған Ухан қаласынан Италия астанасына рейс ұшып келеді.

Министрліктің айтуынша, Ухан қаласынан келген жолаушылар арнайы денсаулық дәлізінен өтіп, олардың дене температурасы сканер арқылы өлшенеді. Сканерлер алдағы уақытта қытайлық қаладан келетін барлық рейстерге пайдаланылады.

Сонымен қатар, жолаушылар келгеннен кейінгі саяхат маршрутын көрсететін арнайы үлгіні толтырады.

«Италия жаңа коронавирусты (2019-nCoV) бақылап отыр және Халықаралық денсаулық сақтау ұйымымен үнемі байланыста»,- делінген министрліктің мәлімдемесінде.

Бұған дейін, коронавирус Қытай шекарасынан тыс аумақтарға таралғанын жазған болатынбыз. Таиланд, Жапония және Оңтүстік Кореяда вирус жұқтырған адамдар тіркелді.


Басты сөздер: Әлем, Оқиға, Медицина,
Жоғары қарай