Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ролан Гаррос турнирі: Александр Бублик әлемнің екінші ракеткасына есе жіберді

2021 жылдың 31 мамыр 2021 20:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 37-ракеткасы Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші жарыстың бас аренасы – Филипп Шатрие кортында әлемнің 2-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевпен күш сынасты.

Қарсыластар бұған дейін бір рет кездесіп, онда Д.Медведев жеңіске жеткен еді.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта ресейлік спортшы сәттірек ойнай алды – 6:3, 6:3, 7:5.

Бәсеке барысында А.Бублик сегіз эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана алды. Д.Медведев жеті брейкке қол жеткізді.

Осылайша ерлер арасында Франция ашық чемпионатында Қазақстаннан ешкім қалған жоқ.

Д.Медведев екінші айналымда әлемнің 52-ракеткасы, америкалық Томми Пол немесе рейтингте 129-сатыдағы аустралиялық Кристофер О'Коннелдің біреуімен кортқа шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Ролан Гаррос турнирін жеңіспен бастағанын, Жібек Құламбаеваның Шымкент турнирінің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Заңғар Нұрланұлы Мажарстанда өткен турнирдің жеңімпазы атанды.

Бүгін Зарина Дияс Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты.







Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай