Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Роман Скляр мұнай-газ химиясындағы инвестициялық келісімдерді әзірлеуді бақылауға алуды тапсырды

2021 жылдың 5 наурыз 2021 15:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр еліміздің Энергетика министрлігіне мұнай-газ химиясындағы инвестициялық келісімдерді әзірлеуді бақылауға алуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы жүзеге асырылып жатқан мұнай-газ химиясы өндірісін жеделдету, сонымен қатар әлеуетті инвесторлар үшін тартымды жағдай жасау жөніндегі іс-шаралар қабылдау міндетін жүктеген болатын. Осыған орай, бұл саласының еліміз үшін маңыздылығын ескере отырып, 2025 жылға дейін мұнай-газ химиясын дамыту жөніндегі ұлттық жобаның жүзеге асырылуын және инвестициялық келісімдерді әзірлеуді бақылауға алуды өтінемін», - деді Үкімет басшысының орынбасары ҚР Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.


Жоғары қарай