Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 454.18
RUB 5.81
CNY 57.66

Роналдиньо түрмеден шығып, үйқамаққа алынды

2020 жылдың 8 сәуір 2020 15:38

Аты аңызға айналған бразилиялық футболшы Роналдиньо 32 күннен соң Асунсьондегі (Парагвай) түрмеден босатылды. Экс-футболшымен бірге оның бауыры да бостандыққа шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат AS сайтына сілтеме жасап.

Тұтқындалғандар үшін 1,6 миллион доллар (әрқайсысына 800 мың доллардан) көлемінде кепілпұл төленген. Роналдиньо мен оның бауыры қаладан шықпауға және полицейлердің бақылауында қонақүйде тұруға міндетті.

Айта кетсек, 4 наурыз күні футболшы мен оның бауыры жалған құжатпен Парагвайға ұшып кетпекші болған. Құқық бұзушылар әуежайда тұтқындалып, 6 айға қамауға алынды.



Басты сөздер: Спорт, Әлем,
Жоғары қарай