Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Роза Отынбаева Қазақстан Президентінің басты басымдығын атады

2021 жылдың 12 маусым 2021 14:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қырғыз Республикасының көшпелі кезеңінде Президент болған Роза Отынбаева Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірінші санатты дипломат әрі саясаткер ретінде сипаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еңсеру» деректі фильмі барысында қырғыз саясаткері Қазақстан Президентінің жоғары біліктілігі мен мол дипломатиялық тәжірибесін атап өтеді.

«Қасым-Жомарт Тоқаев классикалық білім алған өте білікті маман, дипломат. Жоғары дипломатияның қыр-сырын білетін адам. Ол әлемдегі ең мықты дипломатиялық мектептердің бірінде жұмыс істеді. Ол сол бір кезеңдегі супердержава Кеңес Одағы Сыртқы істер министрлігінің кеңесін және бүгінгі Ресей СІМ-ін біледі. Бүгінде Сергей Лавровтан бастап олардың барлығы да еңбек етіп жүр. Бұл оның басымдығы. Ол бұл саланы, сол мектепті, мемлекеттегі дипломатияның маңызын, оның үстіне «А» әріпінен бастап негізгі қаланған мемлекеттің қалыптасуын жетік біледі», - деді Роза Отынбаева.

Сонымен қатар ол Қазақстанға бірінші басшы сайлауда жолы болғандығын айтады.

«Меніңше, Қазақстан дипломатиясының және сыртқы саяси майданының қалыптасу бастауында Қасым-Жомарт Кемелұлы сынды жоғары санатты, жоғары қасиетті маманның тұруы арқылы жолы болды. Әрине, ол Елбасының, Тұңғыш Президенттің сенімді серіктесі де бола білді. Өйткені, Қазақстан аяғына енді тұрып, жаңа елдің негізгі рельсін төсеу барысында бұл майдан өте маңызды еді», деді қырғыз саясаткері.

Жоғары қарай