Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Рудныйда екі әйелді өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған қылмыскер сотталды

2020 жылдың 1 қазан 2020 22:50

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен екі әйелді қасақана өлтірген Рудный қаласының тұрғыны сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс деректеріне сүйенсек, оқиға 2020 жылдың ақпан айында Рудный қаласына болған.

«Сотталушы П.өзінің жұбайынан жәбірленушімен жақын қарым-қатынасын жасырғысы келіп, ас үй пышағымен жәбірленушінің мойнына пышақтаған. Әйел оқиға орнында көз жұмды. Бұдан әрі П. қылмысын жасыру үшін жәбірленушінің әжесін де өлтірген. Мұнан соң екі әйелдің денелерін бөлшектеп, Тобыл өзеніне ағызып жіберу үшін пәтеріндегі балконға жасырып қойған. Сотталушының қылмысы сараптамалардың қорытындыларымен дәлелденді. Айта кету керек, қайтыс болған әйелдердің мүгедектігі болғаны анықталды. П. бұған дейін де қылмыс жасап, сотталған. Сот жасалған қылмыстардың ауырлығын, жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, сотталушыға өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады», делінген сот хабарламасында.

Сотталушы Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша айыпты деп танылды. Жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық - атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Жоғары қарай