Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Рудныйда өрттен 30 тұрғынды құтқарған полицейлер марапатталды

2020 жылдың 8 тамыз 2020 12:29

РУДНЫЙ. ҚазАқпарат – Рудныйда жанып жатқан бес қабатты үйдің 30 тұрғынын құтқарған полицейлер медальдармен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Рудный қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері Жәнібек Ғыйлымханов пен Нұрбек Есқабыл «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

Еске сала кетейік, 4 тамыз күні бес қабатты үйдегі өрт кезінде полиция қызметкерлері тұрғындарды эвакуациялап, құтқарған. Олардың арасында үш айлық бала бар. Жәнібек Ғыйлымханов үшінші қабаттың балконында баласын құшақтап тұрған әйелді байқап қалады. Полицейдің айтуы бойынша, егер ол баланы кіреберіске кіргізсе, ол қою түтінге тұншығып қалуы мүмкін. Сондықтан, сәбиді құтқару үшін Жәнібек төменгі қабаттың балконынан үшінші қабаттың балконына көтерілген.

– Шақалақтың анасы қатты қорқып қалған, бірақ мен сабырға шақырып, баланы құлатып алмайтынымды айттым. Ол маған нәрестесі оралған жамылғыны берді. Үй тұрғындарының бірінің көмегімен біз баланы түсіріп алдық. Әрі қарай пәтер тұрғындарын балконнан шығара бастадым , – дейді сол күнгі оқиғаны еске алған полицей.


Басты сөздер: Қостанай облысы, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай