Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға 12 мың меценат атсалысқан

2020 жылдың 29 қазан 2020 19:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға 3 жылдың ішінде 12 мың меценат атсалысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысы онлайн форматта өткізілген болатын.

Отырыс барысында Мемлекеттік хатшы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 2020 жылы 216 ауылға 98,0 млрд теңге бөлініп, 920 жоба іске асырылып жатқанын мәлім етті.

Аталған қаражат көлік инфрақұрылымын дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағыттары бойынша жүзеге асуда.

Осы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша өңірлер 57,1 млрд теңгені игеріп, 9 мыңнан астам жұмыс орны құрылған, 187 жобаны іске асыру аяқталған.

Сонымен бірге отырыста Ауыл шаруашылығы министрлігінен «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында іріктеліп алынған ауылдық елді мекендерде «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес компанияларының есебінен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 қыркүйекке дейін 7 477 млн теңгеге 1128 жобаны қаржыландырылып, 1691 жұмыс орны құрылғаны хабарланды. Ал «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға 3 жылдың ішінде 12 мың меценат тартылған.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың 3 жылында демеушілік қаражат есебінен 2 621 нысан салынды, 2 142 нысан реконструкцияланды. Осы жобаларды іске асыруға республика бойынша 12 мыңнан астам меценат қатысты.

2020 жылдың бірінші жартыжылдығында бағдарлама аясында 228 нысан бой көтерген. Оның ішінде 2 мектеп, 2 балабақша, 19 мәдениет нысаны, 36 спорт алаңы, 31 балалар алаңы салынған. Сондай-ақ, 129 нысан реконструкцияланған.

Оның ішінде 28 мектеп, 5 балабақша, 13 мәдениет нысаны, 14 спорт алаңы, 68 аз қамтылған отбасыларға арналған үйлер, пәтерлер, 1 медициналық мекеме, 5 балалар алаңы салынған.

Демеушілік қаражат есебінен барлығы 1437 іс-шара өткізілген.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер:
Жоғары қарай