Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Рухия Байдүкен: «Славян базарында» жеңіске жету – бала күнгі арманым

2021 жылдың 19 шілде 2021 18:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық жас әнші, «Славян базары» халықаралық байқауының Гран-при иегері Рухия Байдүкен жеңістен кейінгі өз әсерімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Славян базары» байқауын бала күнімнен жібермей қарап келемін. Жыл сайын асыға күтемін. Анама осы байқауға барып қатысып, жеңіспен келемін деп үнемі айтатынмын. Және бала күнімде осы сайысқа Қазақстанның атынан қатысатын алғашқы қыз бала боламын дейтінмін. Байқауға баратыным белгілі болған соң 3 ай бойы үздіксіз дайындалдым. Тіпті осы байқауға қатысуым үшін 23 келіге арықтадым. Жалпы өзім бала күнімнен алдыма мақсат қойып, соған жетіп келемін», - деді Р. Байдүкен ZOOM алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, жас әнші алдағы уақытта да отандық және шетелдік музыкалық жобаларға қатысқысы келетінін айтты.

«Байқауға жалғыз өзім бардым. Алдымен Беларусь астанасы Минскіде президент оркестрімен дайындық өткіздік, сосын Витебскіге бардық. Байқау екі күнге созылды, жеңіске жететініме алғашында күмәндандым, себебі қарсыластарым мықты болды. Дегенмен барынша өзіме сенімділік таныттым», - дейді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Рухия Байдүкен өз жеңісін қазақ еліне арнайтынын айтты.

Айта кетейік , 14 мемлекеттен келген қатысушы славян елінен шыққан композитордың туындысын славян тобына жататын тілдің бірінде оркестрдің сүйемелдеуімен орындады. Байқау нәтижесінде жерлесіміз Гран-при иегері атанып, «Алтын лира» мүсіншесімен бірге 20 мың АҚШ долларына ие болды.

Байқау жеңімпазы Рухия Байдүкенді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтады.

Одан бөлек, жас әншіні жеңісімен еліміздің Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова да құттықтады.



Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Беларусь, Мәдениет,
Жоғары қарай