Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Румыния президенті Клаус Йоханнис қайта сайланды

2019 жылдың 25 қараша 2019 12:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Румынияның қазіргі президенті Клаус Йоханнис мемлекет басшысы сайлауының екінші кезеңінде жеңіске жетті. Экзит-полл мәліметінше, оған сайлаушылардың үштен екі бөлігі дауыс берген. Жексенбі күні өткен сайлауға дауыс беруге қатысқандар саны 50%-ға да жеткен жоқ, деп хабарлады Еuronews.com.

Осылайша, Йоханнис екінші рет бес жыл мерзімге сайланды.

«Румындар заманауи мемлекетті, еуропалық Румынияны таңдады», - деп мәлімдеді ол.

Президент дауыс берудің алдында елді 30 жыл бойы басқарған социал-демократтардың билік етуін тоқтатуға шақырды. Йоханнис оларды «Румынияны еуропалық жолдан тайдыруға» ұмтылып жатыр деп айыптады.

Мемлекет басшысының екінші кезеңдегі қарсыласы, экс-премьер Виорика Дэнчилэ «құқықтар мен бостандықтар болмаған кезде және барлық билік бір адамның қолында болған» уақытқа қайта оралуға қарсы дауыс бергенін атап өтті.

Басты сөздер: Еуропа, Әлем, Сайлау,
Жоғары қарай