Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Руслан Дәленов Президентке экономикалық өсімді қалпына келтіру жайында баяндады

2020 жылдың 1 қазан 2020 15:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке экономикалық өсімді қалпына келтіруге және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Қазақстанның жаңа экономикалық бағдарының негізгі қағидаларын жүзеге асыру жайында баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономиканы басқаратын құрылымдарды және мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің механизмдерін жетілдіру, инвестиция тарту шаралары жөнінде мәлімет берілді. Сонымен қатар әлеуметтік нысандар салу және тұрғын үй-коммуналдық секторды жаңғырту мәселелері сөз болды.

Мемлекет басшысы ауылдық жерлерді дамытудың перспективаларына, соның ішінде «Ауыл – ел бесігі» жобасына ерекше назар аударды. Осы бастаманың аясында бес жыл ішінде 3500 ауылды жаңғырту көзделуде. Президент ауылдық жерлердегі инфрақұрылымның сапасын қалалық деңгейдегі стандартқа жақындатуды тапсырды.

Кездесу барысында микро және шағын бизнесті тексеруге жарияланған мораторий үш жыл ішінде 100 мыңға жуық тексеріс жүргізуді болдырмауға мүмкіндік беретіні атап өтілді. Бұл бизнесті ретке келтіру ісінің жаңа парағын ашуға оң ықпал етеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев министрге бизнес жүргізу ісін реттеуді және салық салуды жеңілдету жөнінде бірқатар тапсырма берді.


Жоғары қарай