Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Руслан Желдібай Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

2019 жылдың 2 шілде 2019 21:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының жаңа орынбасы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтемемен.

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Желдібай Руслан Сұлтанұлы Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін және Warwick университетін (Ұлыбритания) жобалық басқару (MSc Programme and Project Management) мамандығы бойынша бітірген. «Болашақ» стипендиясының иегері.

Еңбек жолын «Азамат» бағдарламасының жүргізушісі («Хабар» агенттігі, «Ел-Арна» телеарнасы) ретінде бастады.

2011-2012 жылдар аралығында - журналист, «Алаң» саяси ток-шоуының жүргізушісі, «Қазақстан» ұлттық телекорпорациясы.

2012-2018 жылдар аралығында - «Оңтүстік Астана» телерадиокомпаниясы» АҚ-да бөлім жетекшісі, бас продюсер.

2018 жылдан 2019 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің Интернет кеңістікте және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасының басшысы.

2019 жылдың ақпан айынан бастап - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің Интернет кеңістікте және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасының басшысы.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Жоғары қарай