Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Сағынтаев әлеуметтік инфрақұрылымдарға ерекше назар аударуды тапсырды

2019 жылдың 10 шілде 2019 16:06

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Медеу ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Медеу ауданындамын. Мұнда инфрақұрылым дамыған. Дегенмен, тұрғындарды алаңдататын бірқатар мәселелер бар. Ауданда құрылыс қарқынды жүргенімен, балалар алаңдары жетіспейді»,-деп жазады Бақытжан Сағынтаев Facebook-тегі парақшасында.

Қала басшысы аудан әкіміне коммуналдық желілердің жағдайына, апатты жағдайлар кезіндегі қауіпсіз аумақты тазалауға, сондай-ақ Думан, Аққайың ықшам аудандарындағы жолдар мен судың сапасына назар аударуды тапсырды.

«Көшелерді жөндегенде мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыруға барынша көңіл бөлу қажет. Ыңғайлы тротуарлар және қозғалыс бөлігінен өту үшін қауіпсіз жаяу жүргінші жолдары қажет»,-деді Алматы қаласының әкімі.



null

Бұдан бөлек, салынып бітпеген тұрғын үй үлескерлеріне, топырақ көшетін қауіпті аймақтардағы жеке үйлерге қатысты проблемалар жетерлік. Осы мәселелердің барлығын жіті тексеретіндігін айтты.

Жоғары қарай