Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сағынтаев Алматы «қызыл» аймақтан қашан шығатынын айтты

2021 жылдың 19 мамыр 2021 21:56

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев барлық азаматтарды санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтауға және вакцина салуға шақырды. Бұл жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы» телеарнасының тікелей эфирінде әкім 957 мың алматылық вакцина салырғанын, оның ішінде 277 144 адам екпенің бірінші компонентін алғанын атап өтті.

«Бүгінгі күні вакцинация деңгейі бұрынғыдай емес, сәл бәсеңсіді. Біз тұрғындар арасында түсіндіру және ақпараттандыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Халық арасында қорқыныш бар, вакцина туралы неше түрлі ақпарат таратушылар көп. Антиваксерлар ұйықтамайды. Әртүрлі әңгімелер ойлап, әлеуметтік желі арқылы таратады. Мен оларды тыңдамауға керісінше дәрігерлер мен екпе салдырған адамдарды тыңдауға кеңес беремін», - деді әкім.

Оның айтуынша, қалада коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді.

«Егер біз осы бағытымызбен алға жылжи берсек, онда жақын арада біз «қызыл» аймақтан шығамыз. Сол кезде көптеген шектеулер алынып тасталады», - деп қосты Бақытжан Сағынтаев.


Жоғары қарай