Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Сағынтаев: Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделі, бірақ бақылауда

2020 жылдың 6 шілде 2020 16:32

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделі, бірақ бақылауда. Бұл туралы бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына орай елімізде енгізілген екі апталық шектеуге байланысты екі күннен бері жұмыс жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес, бірқатар кәсіпорын жұмысын тоқтатты.

«Оның дені шағын және орта бизнеске байланысты. Жалпы, 680 мыңға жуық жұмыс орнының қызметі тоқтатылды», - дейді қала басшысы.

Сонымен қатар, ол қаладағы эпидемиологиялық ахуалға тоқталды.

«Эпидемиологиялық жағдайға келер болсақ, жағдай бақылауда, бірақ күрделі. Жалпы, өңірде 6 202 вирус жұқтыру жағдайы тіркелген. Күнделікті өсім 1,1%, оның ішінде сырқаттанғандардың негізгі бөлігі жұмысқа қабілетті тұрғындар (82%). Індеттен 2 485 адам жазылып шықса, 26 адам көз жұмған. 6 шілдеде анықталған науқастар саны – 113, реанимацияда 64 науқас жатыр. Аурудың ауырлық дәрежесіне назар салар болсақ, жағдайы аса ауыр науқастар саны - 24, осындай науқастар саны арта түсуде. 1 264 науқастың жағдайы орташа ауыр және 135 науқастың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде», - деді Бақытжан Сағынтаев.


Жоғары қарай