Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сағынтаев: Алматыда жыл ішінде жасыл желекпен қамтамасыз ету бір адамға шаққанда 1,6 есеге өсті

2021 жылдың 14 сәуір 2021 19:37

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бақытжан Сағынтаев «Алматының 2021 жылы дамуы: абаттандыру және көгалдандыру жобаларын» онлайн таныстырылымы барысында ең жасыл қала мәртебесін қайтару үшін Алматыда қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақытжан Сағынтаев атап өткендей, басты мақсат – қала өмірі үшін жайлы орта құру, ал даму жоспарлары «Алматы - 2050» стратегиясында анықталған. Бірінші және басты басымдық - «Жасыл қала».

Жүргізілген түгендеу көрсеткендей, қалада 2,6 млн түп ағаш бар, бірақ 23%-ы ескі. Жасыл желектердің нақты қоры небәрі 1,9 мың ағашты құрайды. Қаламыздың дамуы басталған – Түрксіб, Жетісу, Алмалы және Бостандық аудандарында ескі ағаштар жетерлік.

«Жасыл желектермен қамтамасыз ету 1 адамға шаққанда 7,7 м2 құрайды, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 4,6 м2 еді, ал норма бойынша 10 м2-ден кем болмауы тиіс. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда», - деп атап өтті әкім.

Оның айтуынша, экология мен көгалдандыру – қала тұрғындары үшін ең сезімтал нүктелер. Сондықтан қала басшылығы мен экология және жасыл қор проблемаларына қатысы бірқатар шараларды қабылдады. Біздің мақсатымыз – қалаға жасыл және танымал мәртебесін қайтару.

2019 жылдың қыркүйегінде «Жасыл Алматы» бағдарламасы жарияланды. Мақсат– қаланың жасыл қорын қалпына келтіріп, дамыту.

2020 жылы жасыл желектердің рекордтық саны - 282 мың көшет отырғызылды. Негізінен ағаш отырғызу: Алатау ауданында - 187 мың, Түрксіб ауданында - 46 мың және Медеу ауданында - 21 мың түп.

«Биылғы жылы 350 мың ағаш отырғызу басталды. Көктемде 50 мың ағаш отырғызылады, негізгі отырғызу күзде болады, өйткені бұл ең қолайлы уақыт»,-деді қала басшысы.

Алматыда жасыл желектерді суғару үшін жаңа скважиналар салынды, арық желісі түгенделді.

«Қалада «Жасыл аула» акциясы басталды. Әр тұрғын мамандардың қадағалауымен өз ауласына немесе жол бойына ағаш отырғыза алады. Тек осы демалыс күндері 600 ағаш отырғызылды. Біз белсенді қатысқаны үшін алматылықтарға ризамыз»,- деді Бақытжан Сағынтаев.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Әкім, Экология,
Жоғары қарай