Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сағынтаев мүлік иелерінің бірлестігі туралы: Өзгеріске ұмтылып, үй басқару ісін қолға алу қажет

2021 жылдың 5 мамыр 2021 15:53

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 375 мүлік иелерінің бірлестігі мен 391 жай серіктестік құрылды. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімі Instagram -дағы парақшасында ПИК-ті қайта құру науқаны жалғасып жатқанын жазды. Бүгінгі күні Алматыда 375 мүлік иелерінің бірлестігі мен 391 жай серіктестік құрылды.

«Негізгі артықшылығы сол, тұрғындар ортақ мүлікті күтіп ұстау мен оны сақтаудағы барлық қаржы-шаруашылық қызметті өздері басқарады. Тұрғындар басқарушы және сервистік ұйымдармен, коммуналдық қызметтерді таңдап, керек болса шартқа отырып, олардың жұмыс сапасын тексеріп, жұмыстың орындалған көлемі үшін ғана ақы төлейді», – деп жазды әкім.

ПИК басқарушы әрі сервистік компанияға айналады. Қайта құрылу жұмысы 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін аяқталуы тиіс.

«ПИК ондаған, тіпті жүздеген үйлерді басқарады. Бұл ретте қаражат барлық үйге бөлінеді. ПИК-те бір үйге тиесілі бір шот болады. Қайта құрылу жұмысы 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін аяқталуы тиіс. ПИК басқарушы әрі сервистік компанияға айналады. Ең бастысы – өзгеріске ұмтылып, үй басқару ісін қолға алу қажет», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.


Жоғары қарай