Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сағынтаев: Жаппай вакциналану қаланың қалыпты өмірге оралуына мүмкіндік береді

2021 жылдың 19 мамыр 2021 20:03

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat live бағдарламасының тікелей эфирінде қалалықтар арасында коронавирус жұқтыру деңгейінің төмендегенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

18 мамыр күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 525 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 470, симптомсыз – 55 науқас тіркелді, 3-пневмония.

Барлық емделіп шығарылғандар – 320, келіп түскені – 250.

«Инфекциялық стационарларда 2 837 адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 6 060), оның ішінде 100 бала емделуде. Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 192 адам жатыр. Ал 28 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 57 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 77 аппарат жұмыс істейді.

«Бұрынғыдай, халықтың жұмыспен қамтылуына орай соңғы 14 күнде коронавирус жұқтырғандар саны 8 196, мұнда жұмыс істемейтіндер арасында тез тараған - 32,6% (2 670 адам), түрлі ЖШС, ЖК, АҚ - 22% (1806 адам), зейнеткерлер - 22,% (1806 адам), мектеп оқушылары - 8,6% (676 жағдай) және мектеп жасына дейінгі балалар арасында - 4,7% (385 жағдай). Бұл санатқа студенттер қосылды (190 жағдай - 2,3%). Келтірілген санаттардағы тұрғындардың жалпы үлесі 92%-ды құрайды»,- деді Бақытжан Сағынтаев.

Инфекцияны жұқтыратын нақты орындар: өткен аптада алдыңғы кезеңмен салыстырғанда коронавирус отбасылардағы байланыс арқылы 23 - 23,5% деңгейінде қалды.

Жұмыс орнында байланыс кезінде жұқтыру үлесі 2,7% -дан 1,1% -ға дейін, туыстарымен, көршілерімен, достарымен байланыс кезінде 4,3% -дан 2,8% -ға, сондай-ақ қала маңына саяхат кезінде 1,6% -дан айтарлықтай төмендеді.

Алайда, отбасылық іс-шараларға қатысу арқылы жұқтырудың 3,3% -дан 4,2%-ға дейін өскені байқалды.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын ұмытпауға және оларға немқұрайлы қарамауға шақырды.

«Оларды сақтау коронавирус жағдайында ахуалды тұрақтандыруға және вакциналау үлесінің артуына ықпал етеді әрі мегаполистің бұрынғы өмір ырғағына біртіндеп оралуына мүмкіндік береді. Өткен тәулікте Алматыда 3197 адамға вакцина егілді»,- деді ол.

Бүгінде Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдени және спорттық мекемелерде, базарларда және қаланың сауда-ойын-сауық орталығында 214 екпе пункттері ашылған.


Жоғары қарай