Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Сәкен Майғазиев онлайн-концерт береді

2020 жылдың 27 наурыз 2020 12:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін «Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында Сәкен Майғазиев онлайн-концерт береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мәдениет және спорт министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ бірлесіп қолға алған жоба аясында бүгін қазақстандықтар Сәкен Майғазиевтың әуезді әндерін тыңдайтын болады. Алдағы уақытта тыңдармандардың ыстық ықыласына ие болған бірқатар өнер майталманына алаң ұсынбақпыз. Мемлекет басшысының бүгін берген бағасы біз үшін зор жауапкершілік жүктейтін үлкен абырой. Алдағы уақытта да елімізге төтеннен келген қиындықты бірге еңсеруге өз үлесімізді қосамыз. #Birgemiz», - деді Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова министрліктің Facebook парақшасында жарияланған ақпаратта.

Елімізде төтенше жағдай жарияланып, жұрт қиындықты еңсеруге «#Birgemiz» деп кіріскен тұста, Мәдениет және спорт министрлігі бірнеше онлайн-жобаны қолға алған еді. Олардың арасында өнер сүйер қауымға арналған «Карантиндегі жұлдыз» жобасы да бар. 23-наурыздан бастау алған жоба аясында кеше көрермендер тікелей эфирде еліміздің мақтанышы Роза Қуанышқызының әндерін тыңдады. Өздерінің онлайн-концерттерін бұған дейін Жұбаныш Жексенұлы, Жеңіс Сейдоллаұлы, Ғаділбек Жаңай берген болатын. Азғантай уақытта көрерменін тауып, өміршеңдігін көрсеткен жұлдызды жоба онлайн форматта жалғаса береді.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев эстрада әншісі Роза Рымбаеваға онлайн-концерт үшін алғыс білдірген болатын .


Жоғары қарай